Республика алаңынан телеарна қызметкерлері эвакуацияланды

Республика алаңынан телеарна қызметкерлері эвакуацияланды

Алматыда Республика алаңынан БАҚ қызметкерлері эвакуацияланды. Бұл мәліметті Tengrinews.kz тілшісіне Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер растады.

Сөйтсек, БАҚ редакциясына белгісіз біреулер хабарласып, ғимаратқа жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған. Бұл ғимаратта телеарна мен басқа да БАҚ құралдары орналасқан.

"Арнайы шұғыл шаралар аясында ғимаратты тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Адамдар эвакуациялану үстінде. Қоңырау шалған адам анықталып жатыр", - деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Жарнама
Жарнама
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама