14 сәуір 2021 14:24

Республика сарайы маңынан шыққан қою түтін алматылықтарды шошытты

Республика сарайының артынан көрінген қою қара түтін алматылықтарды үрейлендірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Республика сарайының артынан көрінген қою қара түтін алматылықтарды үрейлендірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өрт бүгін, 14 сәуірде болды. Оқиға болған жерде түсірілген суреттерді Tengrinews.kz оқырмандары WhatsApp-қа жіберді.

Кейін қалалық ТЖД өкілдері бұл жеке тұрғын үйден шыққан өрт екенін хабарлады.

Реклама
Реклама

"Сағат шамамен 12.09-да өртсөндірушілер шақыртуға шықты. Олар келгенде үй жанып жатқаны белгілі болды. От таралу қаупі болған жоқ. Алайда өрт сөндіру жұмыстарын металл шатырға құлаған электр сымдары қиындатты. Өртсөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып әрекет етті", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Авариялық бригада нысанды электр желісінен ажыратып, қуаты 380 вольт сымдарды кесіп тастады. Өрт сағат 12.33-те ауыздықталып, 12.56-да сөндірілді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram