24 қыркүйек 2021 | 09:43

Риддер тұрғындары аю шабуылына жиі ұшырайтынын айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы тұрғындары омарталар мен көкөніс бақтарын қирататын аю шабуылына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astana.tv телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы тұрғындары омарталар мен көкөніс бақтарын қирататын аю шабуылына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astana.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Қала тұрғындары аумақтық инспекцияға жыртқыш шабуылынан қорғауды сұрап хат жазған. Сарапшылардың айтуынша, биыл қарағай жаңғақтары аз, бұл - аюдың қысқы ұйқыға дейінгі негізгі қорегі. Сондықтан ол қорегін адамдар тұратын үйлер маңынан алады.

"Риддер маңында кең орман алқабы бар. Аңшылық қызмет аю қайдан келетінін бақылайды. Елді мекендерде атыс қаруын қолдануға тыйым салынған. Бұл жағдайды қиындатады. Біз мониторинг жүргізіп отырмыз, жағдайды бақылаймыз", - деп түсіндірді бөлімнің орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция басшысы Самат Дидахметов.

Реклама
Реклама

Журналистердің айтуынша, Шығыс Қазақстан қаласына жабайы жыртқыштар кіруі бірінші рет емес. Бұған дейін Серебрянскіде қонжық құс пен малға шабуыл жасаған. Жануарлар құқығын қорғаушылар атуға қарсы болып, жануарды ұйықтатып, тайгаға апаруға өтініш жасаған. Бірақ жидек маусымы басталғанда олар өздері орманға кеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная