Риддерде полицей мотоцикл жүргізушісін қағып кетті: видео

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Риддерде полицей қызметтік автокөлікпен ережебұзушыларды тоқтатпақ болған кезде мотоцикл жүргізушісін қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Риддерде полицей қызметтік автокөлікпен ережебұзушыларды тоқтатпақ болған кезде мотоцикл жүргізушісін қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде қызметтік көліктің мотоциклмен соқтығысқан сәтінің видеосы тарады.

Реклама
Реклама

Шығыс Қазақстан облысы полициясының мәліметінше, оқиға 16 тамызда болған.

Учаскелік инспектор қызметтік автокөлікті басқара отырып, жол ережесін бұзған мотоцикл жүргізушілерін тоқтатпақ болған. Алайда көлікті басқара алмай, олардың бірін қағып кеткен.

"ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция мәліметінше, мотоцикл жүргізушілері жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарғаны және маневр жасау ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар, полицейдің өзі де жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған. Оның әрекеттерінің заңдылығы мен негізділігін бағалау үшін қызметтік тексеріс тағайындалғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама