Rixos Almaty қонақүйінің шатырынан ер адам құлап кетті

Rixos Almaty қонақүйінің шатырынан ер адам құлап кетті © Tengrinews.kz

Алматыда Rixos қонақүйінің шатырынан ер адам құлап кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Оқиға бүгін шамамен түс мезгілінде болған. 

Куәгерлердің айтуынша, ер адам қоқыс жәшігіне құлаған. Оқиға орнына құтқарушылар мен жедел жәрдем көлігі келген. Қазіргі уақытта криминалистер жұмыс істеп жатыр. Полицейлер оқиға орнын қоршауға алған.

Дереккөз мәліметінше, 39 жастағы ер адам жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатып құлап кеткен.

Жарнама
Жарнама

"Ол шетінде тұрып, ұстап қала алмай - төменге құлады. Ол оқиға орнында қаза тапты", - деді куәгерлер.

 

© Tengrinews.kz

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама