ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 14 ақпан 2017 12:19
Рудный қаласында "Мұзды спорт сарайы" өртенді
Рудный қаласында "Мұзды спорт сарайы" өртенді, - деп хабарлайды Alau.kz Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. Оқиға 13 ақпанда болған.
"21:50-де Ленин көшесінің бойында орналасқан "Мұзды спорт сарайының" жертөлесінде орналасқан қоймада қоқыс өртенген. Өрт 22:22-де ауыздықталып, 22:37-де толығымен сөндірілген. Өрт аумағы 30 шаршы метрді құраған. Бес адам эвакуацияланды", - делінген таратылған хабарламада.
Өрт сөндіруге үш арнайы техника мен жеке құрамның сегіз адамы жұмылдырылған.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу