02 шілде 2023 09:13

Рудныйда полицей қауіпті әрекет жасамақ болған зейнеткерді тоқтатты

Жансая Қадыржанова Корреспондент
ІІМ

Рудныйда полиция қызметкері қауіпті әрекет жасамақ болған зейнеткерді тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рудныйда полиция қызметкері қауіпті әрекет жасамақ болған зейнеткерді тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Рудный қалалық полиция басқармасына Қашар кентінде 4-қабаттағы балконнан егде жастағы әйел жерге түсуге тырысып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Ол төсек жапқыштарын бір-біріне байлаған. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Тілектес Аубакиров барған. Полиция қызметкері дереу төртінші қабатқа көтерілді. Бірақ пәтер есігі жабық болған. Содан кейін ол зейнеткердің жоғары қабаттағы көршісіне барып, балкон арқылы әйелмен сөйлесе бастаған. Ол үйде жалғыз қалғанын, ұлы жұмысқа кетіп, есікті сыртынан кілттеп кеткенін айтқан. Әйел есікті аша алмай, осылай шығуға тырысқан.

"Мен зейнеткермен сөйлесе бастадым. Оны тыныштандыруға тырыстым және осы уақытта әйелдің туыстарына қоңырау шала бастадым. Біраз уақыттан кейін оның жиені келді. Ол азаматта үйдің қосымша кілті болды", - деді учаскелік полиция қызметкері.

Реклама
Реклама

Көп ұзамай шұғыл жұмыстарымен кетуге мәжбүр болған ұлына да болған оқиға туралы хабарланды. Ол бірден үйге келді. Анасын мазаламау үшін есікті сыртынан жауып кеткенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram