Рудныйда зейнеткер баспалдақтан құлап қаза болды. Полиция пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon
476
comments icon
0
Фото:instagram.com/iagorodkz Фото:instagram.com/iagorodkz

Рудныйда зейнеткер тозығы жеткен баспалдақтан құлап, қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рудныйда зейнеткер тозығы жеткен баспалдақтан құлап, қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баспалдақта жатқан зейнеткердің суреті рудныйлық ақпараттық агенттіктің Instagram желісінде жарияланды. Ол баспалдақтан төмен түсіп келе жатып, сүрініп құлаған.

"Рудный қаласында 74 жастағы ер адамның өлімінен кейін полицейлер соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ол құлаған кезде басын соғып, есінен танып қалған. Куәгерлер жедел жәрдем шақырған, ер адам Рудный қалалық ауруханасына жатқызылды", - деді Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Қайғылы оқиғаға қатысты жергілікті билік пікір білдіріп, марқұмның туыстарына көңіл айтты.

"Бүгін кәсіпкерлермен кездесу өтті. Алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу керек деп келісілді. Кәсіпкерлер баспалдақтарды тегістеп, тұтқалар орнату жұмыстарын жүргізеді. Мұнда "Рахат-2018" ЖШС абаттандыру жұмыстарын, атап айтқанда ескі ағаштарды кесу жұмыстарын жүргізеді. Осы дүкендер мен іргелес орналасқан №10 мектептің іргесіндегі бүкіл алаңды толық асфальттау мәселесі қарастырылады", - деді Рудный қаласының әкімдігі өкілдері.

Дәрігерлердің айтуынша, ер адам есін жимастан қаза болған. Оған бас сүйек-ми жарақаты және бас сүйегінің сынуы диагнозы қойылып, ота жасалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Дина Шарипханова
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная