25 наурыз 2021 | 09:32

Руслан Жанпейісовтің қарындасы видеоүндеу жариялады

Гаухар Жанпейісова. Видео кадры

Блогер және белсенді Руслан Жанпейісовтің қарындасы Гауһар Жанпейісова үндеу жасап, прокуратураға шағымданған. Оның сөзінше, прокуратура өкілдері Жанпейісовтің бостандыққа шығуына кедергі жасап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Блогер және белсенді Руслан Жанпейісовтің қарындасы Гауһар Жанпейісова үндеу жасап, прокуратураға шағымданған. Оның сөзінше, прокуратура өкілдері Жанпейісовтің бостандыққа шығуына кедергі жасап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Гауһар Жанпейісованың сөзінше, ағасы жазасын өтеп жатқандықтан интернетке кіре алмай отыр. 

"Бас прокуратура мен Қызылорда облыстық прокуратура ағамның бостандыққа шығуына кедергі жасап отыр. Олар ағам шартты түрде мерзімінен бұрын босатылмауы үшін бәріне баратынын білеміз", - дейді ол.  

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, бастапқыда прокуратура блогердің бостандыққа шығуын қолдаған. 

"Ал сосын олар наразылық білдіріп, бәріне менің ағам отырған мекеме мен сот өкілдерін айыптайды", - дейді Гауһар Жанпейісова. 

Блогердің қарындасы Руслан Жанпейісов Қазақстан Президентінен де кешірім сұрағанын еске салды. Оның айтуынша, бүгінде ағасы ауруханада жатыр. 

Еске салайық, бұған дейін блогердің анасы Тұрсынкүл Жанпейісова үндеу жасаған болатын. Жанпейісовтің анасы үндеуінде Тоқаевтан ұлы заңсыз ұсталып отырғанына байланысты құқық қорғау органдарының қызметіне назар аударуды сұраған. Сонымен қатар, жолдауда Тұрсынкүл Жанпейісова ұлын қамауға алғаны туралы өз көзқарасын білдіріп, оны колонияда заңсыз ұстап отырғанын мәлімдеді.

Жолдауда анасы ұлын қамауға алғаны туралы өз көзқарасын білдіріп, оны колонияда заңсыз ұстап отырғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, 30 шілдеде Шымкент қалалық соты Жанпейісовті ҚАЖ мекемесінде жазасын өтеуге бір жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Блогер жәбірленушіге орташа ауыр дене жарақатын қасақана салғаны және билік өкілін қорлағаны үшін кінәлі деп танылды.

Ал 2020 жылдың көктемінде Жанпейісовтің үстінен "арнайы құқық беретін немесе міндеттерден босататын куәлікті немесе ресми құжатты қолдан жасау және өткізу", "жалған ақпарат тарату" баптары бойынша тергеу жргізілді. Кейін екі бап бойынша да іс тоқтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная