Сабақ үстінде оқушыны сабаған мұғалім жұмысынан қуылды

Алматы облысында о?ушыларды? к?зінше бір баланы саба?ан м??алім ж?мысынан ?уылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, о?и?аны? видеосы таяуда ?леуметтік желілерде пайда бол?ан еді.

Алматы облысында оқушылардың көзінше бір баланы сабаған мұғалім жұмысынан қуылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, оқиғаның видеосы таяуда әлеуметтік желілерде пайда болған еді.

Алматы облысы білім басқармасының басшысы Ләззат Базарқұлованың айтуынша, оқиға 23 желтоқсанда болған. Видеодағы әйел Іле ауданы Байсерке ауылындағы №9 мектептің химия пәнінің мұғалімі болып шыққан. Сөйтсек, бала мен химия пәні мұғалімінің қызының арасында төбелес болыпты. Қыз осы мектепте оқыған. Әйел үзіліс кезінде келіп, баланы ұрып-соғыпты.

"Келесі күні, 24 желтоқсанда балаға қол көтергені үшін жұмыстан шығарылды", - деді Ләззат Базарқұлова.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама