12 қаңтар 2022 | 15:13

Сағынтаев кортежіне шабуыл: Almaty.tv қызметкерінің өлімі тергеліп жатыр

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Мұратхан Базарбаев. Фото:almaty.tv

Полиция қала әкімі кортежіне шабуыл жасалған кезде қайтыс болған Almaty.tv қызметкерінің өлімін тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Полиция қала әкімі кортежіне шабуыл жасалған кезде қайтыс болған Almaty.tv қызметкерінің өлімін тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПД баспасөз қызметі өкілі осы іс бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

"Алматы" телеарнасының бұрынғы қызметкері Гүлжанат Рысқали осы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қорғансыз адамдарды коменданттық сағат кезінде Республика алаңына жібермеу керек еді.

Реклама
Реклама

"Олар 6 қаңтарда, елде лаңкестер бар екені белгілі кезде, оның үстіне, кешке, коменданттық сағат жақындаған кезде жіберілген. Телеарна қызметкерлерінің каскасы, бронжилеті де болмаған. Әкім түсірілімі үшін адам өміріне қауіп төндірудің қандай қажеті болды?" - деді қайтыс болғандардың бұрынғы әріптесі.

Ол сол кезде қалада оқиға шиеленісіп жатқанын және басшылар бұл қауіпті екенін түсінуі керек екенін айтты.

"Оларды атып өлтіретін жерге жібермес бұрын әдетте дайындық жасайды, үйретеді. Ал бізде жай ғана жібере салады. Олар сакура қалай гүлдейтінін түсіріп алуға бара жатқан секілді. Бірақ сакураның орнына - Алматы әкімі, Сағынтаев мырза... Оларды өртеніп жатқан әкімдік ғимаратын түсіруге жіберген. Не үшін? Бұл кімге керек болды? Әкімдікке? Телеарна басшылығына? Олар қарапайым, қорғанышы жоқ адамдарды өлімге душар ететінін түсінді ме? Ал қазір түсіне ме? Сұхбат пен айтылған пікірге қарасақ, жоқ", - деді ол.

Еске салайық, 6 қаңтарда кешке "Алматы" телеарнасының жүргізушісі Мұратхан Базарбаев қаза тапқан еді. Сондай-ақ, арнайы техника операторы Диаскен Бәйтібаев жарақат алып, екі саусағынан айырылды. "Алматы" телеарнасының директоры Нұржан Жайлауқызы телеарна қызметкерлері Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кортежімен бірге Республика алаңын түсіруге жіберілгенін айтты. 

Сағынтаев жедел штабтан шығып, әкімдікке бара жатқан. Белгісіз біреулер әкім отырған автокөлікке оқ жаудырған. Кейін көлік оқиға орнынан кетіп үлгерген. Әкім жүргізушісі жарақат алған, Сағынтаевтың өзі зардап шекпеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная