ПОДЕЛИТЬСЯ
14 қаңтар 2022 | 15:01
"Сақадай сай әрі тыңғылықты". Алматы ПД ғимаратына 1000-нан аса адам шабуыл жасаған
Жаппай тәртіпсіздіктер мен бүлік кезінде Алматы Полиция департаменті ғимаратына 1000-нан аса адам шабуыл жасады. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жаппай тәртіпсіздіктер мен бүлік кезінде Алматы Полиция департаменті ғимаратына 1000-нан аса адам шабуыл жасады. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, 4 қаңтар кешке сағат 18.00-18.30 шамасында полиция басқармалары мен бөлімдеріне, оның ішінде қалалық Полиция департаментіне шабуыл жасау жоспарланғаны туралы жедел ақпарат келіп түскен.
"Себебі полицияда көп мөлшерде қару бар. Бұл кезде ПД ғимараттарында жеке құрамның 100-ге жуық қызметкері болған. Негізгі ұрыс, яғни Департамент ғимараттарына қарулы шабуыл 20.00-де басталды. 1000-нан аса адам шабуылдады. Бірақ олар ешқандай талап қойған жоқ, тек мақсатты түрде жойып, өлтіруге барды", - деді Әзірбек.
Ол шабуылдаушылар ПД ғимаратына бірден бірнеше жағынан шабуылдауға тырысқанын айтты.
"Бірақ толық күзетке алдық. Шабуылдарды тойтару үшін бірден бірнеше позицияға, соның ішінде ғимараттың сыртына да шығардық. Алайда шабуылдаушыларға қарсы тактика туралы ақпарат жарияланбайды. Себебі мұны қылмыскерлер кейін оқулық ретінде қолдана алады. Сонымен қатар, ПД-ға қарама-қарсы орналасқан көп қабатты үй төбесінде бірнеше мерген болды. Кейін олар жойылды. Барлығы 25-27 лаңкес жойылды, оларды кейін ғимарат айналасында таптық. Сондай-ақ, жараланғандардың көп бөлігін өздерімен бірге алып кетті. Күрес келесі күні таңғы 5-ке дейін жалғасты", - деп толықтырды ведомствоның ресми өкілі.
Шабуылға тойтарыс беру үшін арнайы операцияны ПД бастығы Қанат Таймерденов басқарған. Шабуыл кезінде ол қалалық Полиция департаменті ғимаратында болған.
"Бұл жас полиция қызметкерлеріне рух берді. Өйткені, қатардағы тергеуші қаруын тәуліктік нарядта және атыс даярлығы бойынша сабақтарға барған кезде ғана алады. Мүмкін, ол шынайы өмірде алғаш рет қару қолдануға мәжбүр болған шығар. Бірақ ешқашан ғимаратты бермеу керек екенін түсіндік. Өйткені олар қаруға ие болса, бүкіл қаланы қолдарына алар еді", - деді ол.
Әзірбек шабуыл кезінде жақсы дайындалған топ әрекет еткенін мәлімдеді.
"Олар өте жақсы әрекет етті, сақадай сай әрі тыңғылықты. Олар шабуылды қағаз жүзінде жоспарлаған болуы мүмкін. Өйткені олар күшті позицияға дәл бөлген: аумақ бойынша барлық бақылау камерасын өшіруге жауапты адамдары болған. Сондай-ақ, шабуылға қатысушыларға қару әкелген топ болған", - деді спикер.
Оның айтуынша, ПД ғимаратына жасалған шабуылды тойтару кезінде бейбіт тұрғындар арасында зардап шеккендер болмаған.
"Комендатура барлық іс-шара кезінде бейбіт тұрғындар арасында құрбан болғандар санын міндетті түрде хабарлайды. Қазір бұл жұмыстар әлі де жүргізіліп жатыр", - деді Әзірбек.
Сондай-ақ, ол тәртіпсіздіктер кезінде кейбір полиция қызметкерлері наразылық білдірушілер жағына өткені туралы ақпаратқа түсініктеме берді.
"Қазір тергеу жүріп жатыр, мән-жай анықталады. Мұндай жағдайлар болған-болмағанын міндетті түрде анықтаймыз. Себебі қауесетке ғана сене алмаймыз. Егер мұндай жағдайлар болса, онда әр деректі жеке қарастырамыз. Менің білуімше, бүгінде мұндай деректер анықталған жоқ", - деді Алматы ПД өкілі.
Айта кетейік, қазір Алматы Полиция департаментінің ғимараты қоршалған, күзет қорғап тұр. Масанчи көшесі бойымен өтетін жол Қабанбай батыр және Қарасай батыр көшелері аралығында жабылған. ПД өкілінің айтуынша, бұл шектеулер төтенше жағдай кезінде және кем дегенде 19 қаңтарға дейін қолданылады. Жүргізушілер қаланың осы ауданында жүріп-тұру кезінде бағытын реттеп алуы қажет екені айтылды.
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев
"27 шабуыл жасалды": Салтанат Әзірбек полицияға жасалған шабуылдан қалай аман қалғанын айтты
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также