Шалқарда оқушыны өлтірген жасөспірім 9 жылға сотталды

Ақтөбе облысында 10-сынып оқушысын өлтірген күдіктіге сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ақтөбе облысында 10-сынып оқушысын өлтірген күдіктіге сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

2019 жылы 26 қаңтарда Шалқар ауылында екі мектеп оқушыларының арасында төбелес шыққан. Осы оқиға кезінде 2003 жылғы оқушының кеуде тұсынан пышақ жарақатын алған, бір күннен соң ол ауруханада қаза тапты. 

17 жастағы күдікті сот үкімімен 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орта мекемеде өтейтін болады. Сондай-ақ, сот айыпталушыны қаза тапқан оқушының туыстарына 4,6 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттеді. 

Реклама
Реклама

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама