Самокат теуіп жүргенде көлік қаққан оқушының жағдайы өте ауыр

Самокат теуіп жүргенде көлік қағып кеткен оқушының жағдайы өте ауыр. Оны ИВЛ-ға қосты. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Самокат теуіп жүргенде көлік қағып кеткен оқушының жағдайы өте ауыр. Оны ИВЛ-ға қосты. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2009 жылғы қыз 26 наурызда балалар шұғыл медициналық көмек орталығына жеткізілген. 

"Қазіргі уақытта баланың жағдайы өте ауыр. Оның миы зақымданған. Қыз өкпені жасанды желдету аппаратымен дем алып жатыр", - деп хабарлады басқармадан.

Реклама
Реклама

Тексерістен кейін қызға дәрігерлер диагноз қойды: қосарлас жарақат, ашық ми жарақаты, жұлынның зақымдануы, мидың ісінуі, көптеген дене жарақаты, бірінші дәрежелі жарақаттық шок.

Еске салайық, оқиға кеше, 26 наурызда Манас көшесіне жетпей Бұқар жырау бойында болған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы "Жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама