09 ақпан 2014 11:41

"Самсахананы" өрт шалды

Сурет Tengrinews архивынан

ҚР Төтенше жағдай министрлігінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласындағы бір кафенің өртке оранғанын хабарлайды. Астана қаласындағы Алматы ауданы, «Шанхай» базары аумағында орналасқан «Самсахана» кафесі 8-ақпан күні түнгі сағат 22.38 өртеніпті. ҚР Төтенше жағдай министрлігінің Баспасөз қызметі тарартқан ақпаратқа сенсек, өрт сөндіру жұмыстары сағат 23.01 басталып, сағат 23.36-да от толықтай өшкен. Тілсіз жау аумағы 60 шаршы метр болатын жерді жарамсыз етіпті. Жарақат алған жанның жоқтығы қуантады әрине. Оттың бетін қайтаруға 25 өрт сөндіруші мен 6 техника жұмылдырылыпты. Айта кетейік, шұғыл көмекке келгендер Астана қалалық ТЖД және ҚР Төтенше жағдай министрлігі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram