05 қаңтар 2022 | 10:59

Сапарбаев Таразда өртенген көліктер мен бүлінген ғимараттар туралы айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараздағы тәртіпсіздіктер кезінде келтірілген шығын туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараздағы тәртіпсіздіктер кезінде келтірілген шығын туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті жерлестер! Кеше Тараз қаласының орталық алаңында жиналғандарға үндеу жасадым. Оларды сабырға, тәртіпсіздік жасамауға, ортақ мәмілеге келуге шақырдым. Өкінішке қарай, жастар қаланың бас көшелерінде тәртіпсіздіктер мен заңсыздықтарға, бұзақылық әрекеттерге жол берді. Нәтижесінде, 10-нан аса полиция көлігі аударылып, өртенді. Облыс әкімі аппаратының ғимараты, орталықтағы банк бөлімшесі бүлінді. Бәрі заң шеңберінде болуы керек, тәртіп сақталуы тиіс", - деді Сапарбаев өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметіне.

Реклама
Реклама

 Әкім мемлекет мүлкіне зиян келтіру, қоғамдық тәртіпті бұзу заң бойынша қудаланатынын айтты.

 

"Баршаңызды арандатуға ермеуге шақырамын! Барлық заңсыз әрекет үшін жауапты болатындарыңызды қатаң ескертемін!", - деп түйіндеді Сапарбаев.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сұйытылған газ бағасының литрін 50 теңгеге төмендету туралы пікір білдіріп, халықты деструктив топтарға ермеуге шақырғаны хабарланды. 

Алматы мен Маңғыстауда төтенше жағдай жариялады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная