Сарбаз әскери жаттығу кезінде көзінен айырылды

©Ярослав Радловский

Спасск маңындағы әскери полигонда төтенше оқиға болды, аға офицер қызметтесін көзінен айырды деп хабарлайды Tengrinews.kz
Реклама
Реклама
Nv.kz порталына сілтеме жасап.Ақпарат құралының мәліметінше, полигонда атыс жаттығуы өтіп жатқан. №22750 әскери бөлімінің аға офицері Владимир Носиков нысанаға “Глок-19" тапаншасынан оқ атады. Оқ тиген нысананың жарықшағы әскери бөлімнің радисі Виктор Розенің көзіне тиеді. Зардап шегуші аураханаға жеткізілді, оған "сол көздің ауыр деңгейде зақымдануы мен көздің сыртқы мөлдір қабығының жұлынуы" деген диагноз қойылды.Қазіргі уақытта оқыс оқиғаны әскери-тергеу басқармасы тексеріп жатыр. Қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Әскери жаттығулар кезінде жазатайым оқиғалар жиі болып тұрады. Өткен жылдың наурыз айында Алматы облысындағы Көктал полигонында қатардағы жауынгер Кенжетай Байкенже 21 жастағы қызметтесі Айдос Тәженовты байқамай атып алған еді. Калашников пулеметінен атылған бос патрон мерзімді әскери қызмет сарбазын ауыр жаралады, Тәженов ауруханаға жетпей қайтыс болды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама