Шардарада полицей қызғаныштан ер адамды ұрып, бетіне түкірген

видеодан үзінді

Ер адамның шашынан ұстап, балағат сөздер айтқан полицей ішкі істер органдарынан қуылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Ер адамның шашынан ұстап, балағат сөздер айтқан полицей ішкі істер органдарынан қуылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Желіде жарияланған видеода формасыз полицейдің ер адамды шашынан ұстап, бетіне түкіргенін көруге болады. 

Полиция департаментінің өкілдерінің айтуынша, осы дерекке қатысты істі Шардара аудандық полициясы "Бұзақылық" бабы бойынша бірыңғай реестрге тіркеген. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. 

Реклама
Реклама

"Облыстық полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеріс жүргізді. Тәртіптік комиссияның шешімімен ол ішкі істер органдарынан босатылды", - делінген хабарламда. 

Ер адамдардың осындай әрекетке баруына қызғаныш себеп болғаны айтылады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама