Сарыағашта жоғалып кеткен оқушы қыз басқа қаладан ерлі-зайыптының пәтерінен табылды

Сарыағашта жоғалып кеткен оқушы қыз басқа қаладан ерлі-зайыптының пәтерінен табылды © otyrar.kz

Осыдан бірнеше к?н б?рын Сарыа?ашта (О?т?стік ?аза?стан облысы) жо?алып кеткен ?ыз Шымкенттен табылды, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

Осыдан бірнеше күн бұрын Сарыағашта (Оңтүстік Қазақстан облысы) жоғалып кеткен қыз Шымкенттен табылды, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

Полицейлер, алдын ала мәлімет бойынша, мектеп оқушысын жалдамалы пәтерде ұстап отырған ерлі-зайыптыны ұстады. Олар 4 мамырдан 5 мамырға қараған түні ұсталған.

"102 пультіне Сарыағаш ауданында жоғалып кеткен кәмелетке толмаған қызды біреулердің жалдамалы пәтерде ұстап отырғаны жайлы хабарлама келіп түскен. Шымкенттің жергілікті полиция қызметіндегілер екі күдікті мен қызды Әл-Фараби ауданы бойынша ІІБ-не жеткізді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тексеріс жүргізіліп жатыр", - деді Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің басшысы  Сейітжомарт Сейітханов.

Реклама
Реклама

Қыздың әкесінің айтуынша, ол үйден шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Ал қыздың айтуынша, ол осыған дейін әлеуметтік желілерде бір жігітпен танысқан. Ол оған жұмыс тауып беремін деп уәде берген екен.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама