ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 27 тамыз 2018 13:40
Сарыөзек гарнизонында сарбаз суицид жасамақшы болған
Сарыөзек қала үлгісіндегі ауылында орналасқан 12740 әскери бөлімінде сарбаз суицид жасамақшы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 2018 жылы 24 тамызда болды.
"Қазіргі уақытта әскери борышын өтеушінің жағадайы қанағаттанарлық, оған білікті медициналық көмек көрсетілуде. Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында суицидке барудың себебі әскерде борышын өтеуге қатысы жоғы анықталды", - делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты құзырлық органдар сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатыр.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу