Шахан ауылында үйдің опырылуынан мүгедек ер адам мен 11 жастағы қыз ауруханаға түскен

Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аурухана?а т?скендерді? жа?дайы ?алыпты деп ба?алан?ан?ан, ?азіргі уа?ытта олар ?ар?анды ?аласында?ы Прфессор Х. Ма?ажанов атында?ы клиникада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ауруханаға түскендердің жағдайы қалыпты деп бағаланғанған, қазіргі уақытта олар Қарғанды қаласындағы Прфессор Х. Мақажанов атындағы клиникада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер ауруханаға түскендердің жағдайы жайлы айтып берді. 

"2005 жылғы қызды Қарағанды қаласындағы профессор Мақажанов атындағы клиниканың травматология және ортопедия бөліміне жатқызған. Оның  оң жамбасы сынған, денсі жараланған. 1984 жылғы ер адам Шахтинск қаласының орталық ауруханасына жеткізілген, оның екі білегі сынған. Қазіргі уақытта оны да Мақажанов атындағы клиникаға жатқызды. Ауруханаға түскендердің жағдайы қалыпты деп бағаланғанған,ды, олар есін жиған", - деді Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілі Аййжан Иса. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, баспасөз хатшысы қыз балаға күні бойы ешқандай туысы келмегенін, ал ер адамның сал ауруымен (ДЦП) ауыратын айтты.

Еске салайық, 1 қаңтарда Шахтинск қаласындағы Шахан ауылында кешкі уақытта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар екен. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама