Шаханда қайғылы оқиғаға байланысты іздестірілген от жағушы өлі табылды

Шахан қайғылы оқиғадан кейін

Шаханда опырыл?ан ?йді? от жа?ушысы Мейрамбек Жиенбаевты? денесі ауыл ма?ында?ы даладан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шаханда опырылған үйдің от жағушысы Мейрамбек Жиенбаевтың денесі ауыл маңындағы даладан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шахан тұрғындары ер адамның денесін кездейсоқ көріп қалған. Денесі ауылдан 700 метр жерде қараусыз қалған саяжайдан табылған. Ер адам бұзылған үйдің шұңқырында жатқан.

"Оған ешкім зорлық көрсетпеген. Ер адам кейін үсіп қалған болуы мүмкін", - деді Шахан ІІБ басшысы Думан Кожахметов. - Оның әйелі күйеуін таныды. Сараптама тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр".

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, 1 қаңтарда Шахтинск қаласындағы Шахан ауылында кешкі уақытта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар екен. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді. 

Сондай-ақ, осыған дейін Шахан ауылында үйдің құлауынан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден бөлінетіні хабарланған болатын. "Отбасыларына қаржылай көмек көрсету жайында. Әкімдік қаза тапқан әр адам үшін миллион теңгеден және 500 мың теңге ауруханада жатқан зардап шеккендерге бөледі. Сонымен қатар әкімдік қаза болғандарды жерлеу рәсімін және еске алуды өз мойнына алады", - деген еді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Ал 4 қаңтарда Шахан кентінде төтенше жағдайдан қаза тапқандар жер қойнына тапсырылған болатын. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама