Алматыда Саяхат маңындағы қара түтін тұрғындардың үрейін ұшырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде видеолар тарады.
"Сағат 09:06-да Жетісу ауданындағы Сүйінбай даңғылында фаст-фуд дүңгіршегі өртенгені туралы хабарлама түсіп, өртсөндірушілер жолға шықты. Олар жеткенде, дүңгіршек шамамен 10 шаршы метр аумақта жанып жатқанын анықтады. Өрт сағат 09:17-де ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ", - деді ТЖД өкілі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!