Щучинскіде студент жұмбақ жағдайда өлі табылды

Дина Шарипханова Корреспондент
көрнекі сурет

6 қазанға қараған түні Щучинскідегі теміржол бойында Жоғары техникалық колледждің 4-курс студенті өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі tirazh.kz және sinegor.kz-ке сілтеме жасап.

6 қазанға қараған түні Щучинскідегі теміржол бойында Жоғары техникалық колледждің 4-курс студенті өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі tirazh.kz және sinegor.kz-ке сілтеме жасап.

Марқұмның есімі Роман Бодагов. Полиция мәліметінше, оның мәйіті Бурабай курорты мен Жамантұз арасындағы учаскеде теміржол бойында табылған.

Қайғылы оқиғаға байланысты Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімшесінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Реклама
Реклама

"Өзге мәлімет ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы талаптарына сәйкес тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - деп хабарлады көлік полициясы.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама