Щучинскідегі балабақшада баланы қорлаған тәрбиешінің видеосы тарады

Видеодан алынған кадр

Ақмола облысы Щучинск қаласындағы балабақшалардың бірінде болған жағдай видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысы Щучинск қаласындағы балабақшалардың бірінде болған жағдай видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде тараған видеолардың бірінде тәрбиешінің баланың орындығын тартып алғаны, ал тағы бір видеода баланың көрпесін тартып алып кетіп бара жатқаны көрінеді.

Ақмола облысының Білім басқармасы бұл оқиға Щучинск қаласындағы жекеменшік балабақшада болғанын айтты.

Реклама
Реклама


"Осы дерек бойынша тексеру жүргізіледі. Тәрбиеші жұмыстан шеттетілді. Тексеру қорытындысы бойынша қажет шешім қабылданады", - деді білім басқармасындағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама