Сегіз вагон рельстен шығып кеткен - ІІМ ТЖК

Жамбыл облысында Шу станциясыны? ма?ында "Астана-Алматы" ба?ытында?ы №9 пойызыны? 8 вагоны рельстен шы?ып кеткен. Б?л туралы ?Р ІІМ ТЖК ресми ?кілі Руслан Иман??лов хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысында Шу станциясының маңында "Астана-Алматы" бағытындағы №9 пойызының 8 вагоны рельстен шығып кеткен. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.

"Нақтыланған мәлімет бойынша 8 вагон рельстен шығып кеткен, оның үшеуі аударылған", - деп хабарлады Иманқұлов. Оның айтуынша, жолаушылар осы бағыттағы пойыздармен Шу станциясына жеткізіліп жатыр.

Куәгерлер оқиға орнынан суреттер мен видеолар жолдап жатыр.

Реклама
Реклама

 

Еске салайық, бүгін, 17 маусымда сағат шамамен 14.00-де Жамбыл облысындағы Отар мен Шу станцияларының арасында төтенше жағдай болған еді. Мұның алдында үш вагонның рельстен шығып кеткені хабарланған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар, бірақ олар туралы мәлімет әзірше жоқ.

 

Куәгерлер жолдаған суреттер

Tengrinews
Автор сұрағы
news3
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама