Шекарадан заңсыз өтпек болғандар бір аптадан кейін ұсталды - ҰҚК

Шекарашылар ескертуін елемей, олар?а ?арсы тас атып, шекарадан за?сыз жыл?ы ?ткізбек бол?ан Жамбыл облысыны? т?р?ындары аны?талды. Б?л туралы ?лтты? ?ауіпсіздік комитеті т?ра?асыны? орынбасары, шекара ?ызметіні? директоры "Астана" телеарнасыны? тілшілеріне берген эксклюзив с?хбатында айтты.

Шекарашылар ескертуін елемей, оларға қарсы тас атып, шекарадан заңсыз жылқы өткізбек болған Жамбыл облысының тұрғындары анықталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, шекара қызметінің директоры "Астана" телеарнасының тілшілеріне берген эксклюзив сұхбатында айтты.

Заңсыз әрекетке жол бергендердің барлығы тергеліп жатыр. Дархан Ділмановтың айтуынша, олар Қырғызстаннан келген контрабандалық жүкті, яғни жылқыны шекарадан заңсыз өткізбек болып, қоршауларды бұзған.

"Заңбұзушылыққа қатысқан барлық тұлғаларға қатысты және шекара қызметіндегі инженерлік-техникалық нысанға нұқсан келтірген барлық тұлғалардың әрекеті анықталып, қазір оларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жуық арада барлық нәтижелер белгілі болады", - деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, өткен жексенбіде Жамбылдағы қазақ-қырғыз шекарасында оқ атылып, адам өлді. Шекара қоршауларын бұзбақ болған 20 шақты адамды шекарашылар тоқтатпақ болады. Алайда, олар сақшыларға тас атып, жарақаттайды. Заңсызсыздықты тоқтату үшін шекара қызметкері оқ атып, бір адам ажал құшады. Қазір екі тарапқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Шекарашының қару қолдану әрекетінің заңдылығы да тексерілмек.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама