Семей тұрғыны көлігінің салонында өзін-өзі өртеп жіберді

Семей т?р?ыны к?лігіні? салонында ?зін-?зі ?ртеп жіберді. ?лім алдында ер адам хат жазып, тастап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Семей тұрғыны көлігінің салонында өзін-өзі өртеп жіберді. Өлім алдында ер адам хат жазып, тастап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қайғылы оқиға 24 сәуірде күндіз болған. Ер адам өз үйінің ауласында көлігінің салонында өзін-өзі өртеп жіберген. 

"102 пультіне 13.30-да хабар түскен. Осы дерекке қатысты "Өзiн-өзi өлтiру" бабы бойынша Бірыңғай реестрге тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді полициядағылар.

Реклама
Реклама

Ер адам қайтыс болардың алдында хат жазған, онда ол өз өліміне ешкімді кінәламауды сұрайды. 42 жастағы ер адамның мұндай әрекетке неліктен барғаны белгісіз. Полициядағылар қылмыстық істің мән-жайын толығымен ашып айтпады. Қайтыс болған ер адам полиция есебінде тұрмаған, өз-өзіне қол салған уақытта алкогольдік немесе есірткі затын пайдаланбағаны анықталды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама