Семейде бір әйел жалаңаш серуен құрды

Семейде бір әйел жалаңаш серуен құрды ©"31 арна" кадры

Семейде киімсіз тыр жалаңаш&nbsp көшеге шығып, серуен құрған әйелдің әрекеті&nbsp тұрғындардың жағасын ұстатты, - деп хабарлайды "31 арна".&nbspМұны байқаған тұрғындардың бірі жанталасып бейнетаспаға түсірсе, енді бірі суреттерді әлеуметтік желілерге таратты.

Азаматша кеше күндізгі сағат үштер шамасында&nbspүйінен шығып кеткен. Қаланың сол жақ жағалауда тұратын ол таңертең оң жақ жағалаудан жалаңаш көше кезіп жүрген кезінде табылып отыр. Дәрігерлердің айтуынша, туыстары оған бақылауды жеткіліксіз жүргізген әрі дәрігердің тағайындаған емін уақытында қабылдамауы осындай оқиғаға әкеліп отыр.

Қалалық аурухананың дәрігерлері болса көшеде жалаңаш серуендеген әйелдің психикалық созылмалы ауруға шалдыққанын және екінші топтағы мүгедек екенін айтты. Оның емханада есепте тұратыны анықталды.

Жарнама
Жарнама

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама