Семейде ер адам өртеніп жатқан көліктен борсетканы ұрлап әкетті

Семейде ер адам өртеніп жатқан көліктен борсетканы ұрлап әкетті © primnews.ru

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны өртеніп жатқан көліктен борсетканы ұрлап әкетті, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Басылымның мәліметінше, Семейде такси жүргізушісі автокөлігі өртеніп жатқан адамға көмектесу үшін тоқтаған. Қызыл жалынға оранған көліктің иесі салоннан заттарын алып шығып жатқанда ол борсетканы ұрлап үлгерген.

"Азамат өртеніп жатқан көлікті байқап қалып, тұраққа көлігін қойды. Көліктің иесі заттарын далаға шығарғанда ол оған көмек қолын созды. Қолына борсетка түскенде ол байқатпастан оны киімінің ішіне жасырды және оқиға орнынан қашып кетті", - делінген жарияланымда.

Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, материалдық шығын көлемі - 18,5 мың теңге. Сот залында екі тарап ымыра келді. Айыпталған азамат зардап шегушіге шығынды өтеп берді, қылмыстық іс жабылды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама