Семейде ер адамның денесінің 80 пайызы күйіп қалды

© Николай Колесников

Семейде 39 жастағы ер адамның денесінің 80 пайызы күйіп қалды, - деп хабарлайды YK-news.kz ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, жергілікті тұрғын бензин багын жөндеп жатқан кезде жанармай тұтанып кеткен. Соның салдарынан оның денесінің басым бөлігі қатты күйіп қалды.

"Семейлік автокөлігінің бензин багын үйінің ауласында жөндеген. Күтпеген жерден бензин буынан от шығып, ер адамның киімі жана бастаған. Зардап шегушінің денесінің 80 пайызы күйіп қалды. Ауруханаға жеткізілген ер адамның денсаулығына дәрігерлер аса ауыр деген баға беріп отыр", - делінген жарияланымда.

Реклама
Реклама
 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама