Семейде көпқабатты тұрғын үйдің балконынан өрт шықты

© 24.kz

Семейде көпқабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы балконнан өрт шығып, 28 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді, - деп хабарлайды "24.kz".

Телеарнаның мәліметінше, эвакуацияланғандардың алтауы бала екен. "Өрт балконда сақталған автокөліктің резеңке дөңгелектерінен тұтанған. Мамандар жоғары қабаттардың бірінен лақтырылған темекі тұқылы өртке себеп болуы мүмкін деп жорамалдап отыр. Қызыл жалын лезде пластикалық қаптамаларды жалмап, бөлмеге еніп үлгерген. Тілсіз жауды ауыздықтауға 16 құтқарушы, 4 техника бірлігі жұмылдырылды", - деп хабарлады телеарна тілшілері ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама