Семейде өзін өртеген жігіт қайтыс болды

© Тengrinews.kz

Семейде сүйіктісімен ұрсысып қалғаннан кейін өзін өртеген жігіт қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

25 жастағы жігіт 11 қараша күні кешке өзін өртеп жіберді. Алдын ала мәлімет бойынша, жігіт сүйіктісімен сөзге келіп қалып, үйінің ауласында үстіне бензин құйып, моншаға кіріп, есігін құлыптап алып, өзін өртеген. Осыдан кейін ол есікті ашып, моншаның кіреберісіне құлаған. Ол ауруханаға жеткізілді. Жігіт ІІ және ІІІ дәрежелі беттің, мойынның, кеуденің, қолдың және аяқтың термиялық күйігін алды, тері беткі қабатының 80 пайызы күйіп қалған. Аурухананың жансақтау бөліміндегілер оның 13 қарашаға қараған күні көз жұмғанын хабарлады.

Қалалық ІІБ мәліметінше, бұл дерек өзіне қол салу әрекеті бойынша тіркелді. Қылмыстық нышандар құрамы болмағандықтан бұл іс тергелмейді.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, осыған ұқсас оқиға Көкшетауда болды. Ол кезде 20 жастағы жігіт азаматтық некедегі әйелімен жанжалдасып, өзін-өзі өртеді. Жігіттің денесінің 97 пайызы күйіп қалған. Ол 3 қараша күні сағат 15.20-да ауруханада көз жұмды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама