Семейде пойыз қаққан жігіт бассүйек-ми жарақатын алды

Семейде пойыз қаққан жігіт бассүйек-ми жарақатын алды © Рoezd.moscow

Семейде пойыз қаққан жігіт бассүйек-ми жарақатын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Семейдің 21 жастағы тұрғынын №32 "Алматы - Павлодар" бағытындағы пойыз қаққан. Оқиғадан ешкім қаза тапқан жоқ. Жігіт бассүйек-ми және бел тұсынан жарақат алды. Жәбірленуші облыстық ауруханаға жеткізілді, алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін ол үйіне қайтарылды.

"Жәбірленуші педагогикалық колледждің студенті. Апат кезінде ол құлаққаппен келе жатқан, сондықтан да пойыздың жақындап қалғанын аңғармаған. Соңғы сәтте пойызды көріп, қашып үлгерген болуы мүмкін", - деді Семей ТЖБ азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицері Қымбат Көпбаев.

Реклама
Реклама

Оқиға 8 қыркүйекте, сағат 17.06-да болды. Жас жігіт теміржолдан 656 шықырымдағы рұқсат етілмеген жер арқылы өткен. Оқиға басқа пойыздардың жүруіне кедергі келтірген жоқ.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама