Семейде студент қыз желге ұшқан ақшасын ұстаймын деп көпірден құлап кетті

© qsl.net

Семейде студент ?ыз желге ?ш?ан а?шасын ?стаймын деп к?пірден ??лап кетті. ?аланы? жо?ары о?у орындарыны? біріні? 22 жаста?ы студенті, абырой бол?анда, аман ?алды, - деп хабарлайды Устинка LIVE

Семейде студент қыз желге ұшқан ақшасын ұстаймын деп көпірден құлап кетті. Қаланың жоғары оқу орындарының бірінің 22 жастағы студенті, абырой болғанда, аман қалды, - деп хабарлайды Устинка LIVE

Оқиға 25 мымырда түнгі сағат 23.30-да Семейдің ескі көпірінде болған. 

"102 нөміріне қала тұрғынынан бір әйелдің көпірден секіріп кеткені жайлы хабар түсті. Оқиға орнына орталық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шықты, - деп хабарлады Семей қалалық ІІБ баспасөз қызметінің жетекшісі Елеубеу Оспанов. - 1995 жылғы қыз өмірмен қош айтысу ниеті болмаған. Ешкімге ешқандай өкпесі болмаған".

Реклама
Реклама

Сөйтсек, көпірдің үстімен келе жатқан қыздың қолынан ақша желге ұшып, студент оны ұстаймын деп құлап кетіпті. Абырой болғанда, ол ағаш бұтақтарына асылып қалған. Полицейлердің айтуынша, қыздың денсаулығы тұрақты деп бағаланып отыр екен.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама