Семейдегі ұн тарту комбинатында болған жарылыстың себебі жарияланды

ТЖБ баспасөз қызметі. Семей қаласы

Семейдегі ұн тарту комбинатында болған жарылыстың себебі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазір жарылыстың қалай болғандығы анықталуда. Белгілісі таңғы сағат 9 шамасында "Востокцемремонт" ЖШС мекемесінің сегіз қызметкері астық өнімдерін өндіретін элеватордың төртінші қабатында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Сол уақытта астық шаңы мен қалдық астықтан газдықоспа бөлінген. Соның салдарынан жөндеу жұмыстары жүргізілген бөлікте жарылыс болған", - деді Семей қаласы прокурорының орынбасары Марат Тұрабаев.

Жарлыстан сегіз адам зардап шегіп, олардың алтауы ауруханаға жатқызылған. "Төрт адам жансақтау бөлімінде өте ауыр халде жатыр, олардың денелерін 10 пайыздан 70 пайызға дейін күйік шалды", - деді Тұрабаев. Ол сондай-ақ, жарылыстан зардап шеккендердің барлығына өтемақы толықтай төленетінін де айтты.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта, соңғы тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шығарылған қорытындыға сәйкес қылмыстық іс қозғалатын болады.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама