Семей әкімдігінің ғимаратынан жарылғыш зат іздестіріліп жатыр

© Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Белгісіз біреулер Семей әкімдігінде жарылғыш зат бар екенін айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Белгісіз біреулер Семей әкімдігінде жарылғыш зат бар екенін айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінің мәліметінше, қалалық әкімдікте жарылғыш зат бар деген аноним хабарлама 102 жедел арнасына түскен. 

"Қазіргі уақытта Семей қаласының Полиция басқармасы мен шұғыл қызмет өкілдері бұған қатысты ақпаратты тексеріп жатыр, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігі үшін барлық қажет шара қабылданып жатыр", - деп түсіндірді өңірлік ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Реклама
Реклама

Бүгінде әкімдікке тиесілі аймақ қоршауға алынған. 170-ке жуық қызметкер эвакуацияланды. Оқиға орнында саперлер мен қызметтік иттері бар кинологтар мамандар жұмыс істеп жатыр.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама