08 маусым 2023 16:32

"Семей орманы" аумағында өрт шықты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/glpr.semeyormany Фото:instagram.com/glpr.semeyormany

"Семей орманы" резерваты аумағында тағы өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Семей орманы" резерваты аумағында тағы өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары "Семей орманы" табиғи резерваты аумағындағы орманда шыққан өртті жедел сөндіруге күш салып жатыр. Семей филиалы мәліметінше, Батпаев орман шаруашылығы аумағында алдын ала болжам бойынша 0,3 гектар аумақта ағаш өртенген.

Қазір өтті жою жұмыстарына Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 31 адам мен 9 техника, орман шаруашылығынан 28 адам мен 14 техника жұмылдырылған.

Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында жедел штаб құрылғаны айтылды.

Құтқарушылар елді мекендерге қауіп жоқ деп сендірді.

Қазір облыста аптап: +34 градус, солтүстіктен соғатын жел секундына 2 метр.

Өртсөндірушілер жағдайды асқындырмас үшін және өртті жою үшін барлық қажетті күш-жігерді жұмсап жатқаны атап өтілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети