11 ақпан 2022 12:54

Семей тұрғыны жанып жатқан үйден туысын құтқарды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Семейде кеше екі үйден өрт шықты. Өртті көрші тұратын Андрей Матвеев көргенде, үй кіреберісінің төбесі, терезе-есігі, жиһаздар жанып жатқан. Андрей өрт сөндірушілерді күтпей, көмекке ұмтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде кеше екі үйден өрт шықты. Өртті көрші тұратын Андрей Матвеев көргенде, үй кіреберісінің төбесі, терезе-есігі, жиһаздар жанып жатқан. Андрей өрт сөндірушілерді күтпей, көмекке ұмтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл үйде 1954 жылы туған Андрейдің туысы тұрған. Андрей үйге барғанда, ер адам бөлменің еденінде жатқан. Андрей сасқалақтамай, терезені сындырып, үйге кірген. Ол үй иесін тауып, оны далаға шығарған. Дер кезінде көрсетілген көмектің арқасында жәбірленуші аман қалған. Ол жедел жәрдем дәрігерлері тексергеннен кейін үйіне қайтты", - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

Реклама
Реклама

Андрей - өте қарапайым адам. Өзі туралы айтқан жалғыз нәрсе - 41 жаста екені, оның екі баласы бар. Ол өзінің орнында кім болса да, дәл осылай істейтініне сенімді.

ШҚО ТЖД мәліметінше, оқиға орнында өрт сөндірушілер жалпы ауданы 15 шаршы метр өртті сөндірді. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің себебі - электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
array:5 [
  0 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360688/thumb_m/photo_123016.jpeg"
    "title" => "Алматыда кафе өртеніп кетті"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/almatyida-kafe-ortenp-kett-360688/amp/"
  ]
  1 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360675/thumb_m/photo_123003.png"
    "title" => "Астана балалар ауруханасының реанимациясында аппарат өртенді"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/astana-balalar-auruhanasyinyin-reanimatsiyasyinda-apparat-360675/amp/"
  ]
  2 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360666/thumb_m/photo_122994.jpg"
    "title" => ""Ыстықтан бәрі өртеніп жатыр": Алматы маңында дала өртенді"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/yistyiktan-bar-ortenp-jatyir-almatyi-manyinda-dala-ortend-360666/amp/"
  ]
  3 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360660/thumb_m/photo_122987.jpg"
    "title" => "Астанада LRT аумағынан өрт шықты"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/astanada-lrt-aumagyinan-ort-shyiktyi-360660/amp/"
  ]
  4 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360538/thumb_m/photo_122845.jpeg"
    "title" => "Оңтүстік Кореядағы зауытта 20 шетелдік қаза тапты"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/world_news/ontustk-koreyadagyi-zauyitta-20-sheteldk-kaza-taptyi-360538/amp/"
  ]
]