ПОДЕЛИТЬСЯ
14 сәуір 2021 | 10:57
Семейде екі ер адам жалған ПТР-тест анықтамасымен жазасын өтеп жатқан досымен кездеспек болған
Екі ер адам мекеме қызметкерлеріне COVID-19 ПТР-тестінің теріс нәтижесімен колонияда жазасын өтеп жатқан досымен кездеспек болған, - деп хабарлайды Рolisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Екі ер адам мекеме қызметкерлеріне COVID-19 ПТР-тестінің теріс нәтижесімен колонияда жазасын өтеп жатқан досымен кездеспек болған, - деп хабарлайды Рolisia.kz.
Полицейлердің мәліметінше, колония қызметкерлері анықтамаларда тұрған мөрге күмән келтірген. Медициналық мекемеге хабарласқаннан кейін құжаттың жалған екені анықталған.
"Екі ПТР-тест нәтижесі "Жедел жәрдем ауруханасынан" берілген, бірақ штамп басқа ауруханада қойылған. Медициналық анықтамада көрсетілген телефон номерына хабарласқаннан кейін тест жалған екені анықталды", - деді облыстық департамент басшысы Жанболат Калетаев.
Кездесуге келушілер ПТР-тесттің теріс нәтижесі тураы анықтаманы қайдан алғанын тәртіп сақшыларына түсіндіре алмаған. Колония қызметкерлері жағдайдың мән-жайын анықтау үшін жедел топ қызметкерлерін шақыруға тура келген.
Еске салайық, 17 наурызда Қазақстанда сотталғандарды вакцинациялау жұмыстары басталған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также