08 желтоқсан 2023 | 17:51

Семейде ер адамның қызға шабуыл жасаған сәті видеоға түсіп қалды

Фото: polisia.kz

Семейде мас ер адам кішкентай қызға шабуыл жасаған. Күдікті азамат УҰИ-ға қамауға алынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Семейде мас ер адам кішкентай қызға шабуыл жасаған. Күдікті азамат УҰИ-ға қамауға алынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желіде ер адамның көшеде келе жатқан қызға шабуыл жасағаны түсірілген видео тарады. Дер кезінде келген Абай облысының учаскелік полиция инспекторы баланы мас ер адамнан қорғады. 7 желтоқсанда Семейде учаскелік полиция инспекторы Рымғали Жибраев көшеде шыққан қыздың дауысына дер кезінде ден қойған.

Реклама
Реклама

"Қыздың даусы шыққан жерге жеткен полиция қызметкері ер адамның 11-12 жас аралығындағы қызды ұстап тұрғанын және үйдің кіреберісіне күшпен кіргізуге тырысып жатқанын көрді. Учаскелік полицей қызды мас адамның қолынан босатып, өз жағына тартып, оны қорғайтынын білдірді. Бала Семей мектептерінің бірінің 6-сыныбында оқиды. Қарағайлы шағынауданының үйлерінің бірінің жанынан өтіп бара жатып, оған белгісіз ер адам пәтерге баруды ұсынған", - делінген хабарламада.

Жүргізілген медициналық куәландыруға сәйкес ұсталған ер адам "орташа дәрежелі" мас күйінде болған. Учаскелік полиция инспекторы Рымғали Жибраевтің уақытылы әрекет етуінің арқасында бала зардап шеккен жоқ және ата-анасына тапсырылды.

"Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 120-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Содан кейін процессуалдық шешім қабылданатын болады. Абай облысы полиция департаменті ата-аналарды ерекше қырағылық танытуға және балаларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті шаралар қабылдауға шақырады".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная