Семейде ересектер балалардың көзінше арыстандардың торына тас лақтырған

Семей биоорталығы Бейнеден үзінді

Облыстық балалар биологиялық орталығында ересектер балалардың көзінше арыстандардың торына тас лақтырды. Биоорталықтың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған видео қоғамда дау тудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық балалар биологиялық орталығында ересектер балалардың көзінше арыстандардың торына тас лақтырды. Биоорталықтың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған видео қоғамда дау тудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода бірнеше ер адам балалармен бірге тас жинап алып, оны арыстандардың торына лақтырып жатқаны байқалады. Биоорталық мәліметінше, мұндай жайттар кейінгі уақытта жиілеп кеткен.

"Мұны жай ғана зиянсыз әрекет деуге болмайды. Бұл – жануарға жасалған қатыгездік (...) Ересек жануарға тас лақтырса, жанында тұрған балаларға да соны істеуге болады дегенді көрсетеді. Яғни жарақаттау – қалыпты нәрсе деген қате түсінік қалыптастырады. Бірақ бұл – өте қауіпті. Балалар сөзден емес, әрекеттен бой түзейді. Олардың бойына тіршілікке құрметті де, қатыгездік пен немқұрайлықты да сіңіретін – өзіміз", – делінген жазбада.

Реклама
Реклама

Жазба қоғамда қызу талқыланды. Әлеуметтік желі қолданушылары пікірлерде тас лақтырғандарды тауып, жауапқа тартуды талап етіп жатыр. Абай облыстық Полиция департаменті тексеруді бастап кетті.

"Қазір бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерделеніп, оқиғаның куәгерлері анықталып, олардан жауап алынып жатыр. Кінәлі тұлғалар анықталғаннан кейін олардың әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі", - деп хабарлады полиция.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама