ПОДЕЛИТЬСЯ
14 мамыр 2021 | 09:36
Семейде жоғалған ер адам көпір астынан табылды
Семейде 10 мамырда жоғалып кеткен Арман Мұхалиевтің денесі Ертіс өзені жағасындағы көпір астынан табылды. Оны сол жерден өтіп бара жатқан адамдар тауып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

22 жастағы Арман Мұхалиев 10 мамырда таңғы сағат 5.00-де үйінен шығып, қайтып оралмаған. Қалада жоғалған ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізіліп, оны полиция қызметкерлері, туыстары, еріктілер іздестірген. Жұмыс таңертеңнен кешке дейін жүргізілген.
Кейін Семейде кешкі сағат 19.30-да Ертіс өзені арқылы өтетін көпірден өтіп бара жатқан адамдар ер адамның денесін тауып алған.
Полиция басқармасы мәліметі бойынша, ол бұған дейін іздестірілген Арман Мұхалиевтің мәйіті.
"Оқиғаның мән-жайын және өлім себебін анықтау үшін барлық қажетті сараптама жүргізіледі", - деді полиция өкілі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также