16 қазан 2021 15:10

Семейде көктайғақтан алты көлік соқтығысты

Видеодан алынған кадр

Семейде көпірдегі көктайғақ салдарынан ірі жол апаты болды. Полиция мәліметінше, алты көлік соқтығысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі arnapress.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде көпірдегі көктайғақ салдарынан ірі жол апаты болды. Полиция мәліметінше, алты көлік соқтығысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі arnapress.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жол-көлік оқиғасы 16 қазанда таңғы сағат 8.30-да жаңа автожол көпірінде болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. 

Реклама
Реклама

"Lada көлігінің 23 жастағы жүргізушісі көктайғақта көлігін басқара алмай үш көлікпен, Mitsubishi, Volkswagen және Hyundai-мен соқтығысты. Ал Hyundai Toyota маркалы тағы екі автокөлікті қақты", - деп хабарлады ШҚО ПД өкілдері.


Видео: instagram/@oo_osa_semey_vko

Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram