Семейде көлік көпірдің қоршауын бұзып, өзенге құлады

Семейде көлік көпірдің қоршауын бұзып, өзенге құлады Ертіс өзеніндегі көпір. Фото © instagram/semey_city

Семейде көлік көпірдегі қоршауды бұзып, Ертіс өзеніне құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Семейде көлік көпірдегі қоршауды бұзып, Ертіс өзеніне құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 7 шілдеге қараған түнде болды. BMW маркалы көлік ескі автомобиль көпіріндегі қоршауды бұзған. Куәгерлердің айтуынша, көлікте екі жолаушы - ер адам және әйел болған. 

Көліктің мемлекеттік нөмірі анықталып жатыр. Әйел көліктен шығып, жағалауға дейін жүзіп жеткен. Оны сол жерден жедел жәрдем дәрігерлері ауруханаға алып кетті.

Реклама
Реклама

"Хабарлама шамамен сағат 00.01-де түсті. Куәгерлердің айтуынша, ер адамның "құтқарыңдар" деген даусы естілген. Кейін дауыс шықпаған. Қазір оқиға орнында шұғыл-құтқару тобы жетті. Құтқарушылар қайықпен ер адамды іздеп жатыр", - деп мәлімдеді Семей қаласы ТЖ басқармасындағылар.

Қазір көлікті кімнің айдағаны белгісіз және оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама