31 мамыр 2022 | 10:43

Семейде мектеп қызметкері екі адамды өрттен аман алып қалды

"Хабар 24" сюжетінен алынған кадр

Семей тұрғыны Дәурен Жанбаев екі адамды өрттен құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Семей тұрғыны Дәурен Жанбаев екі адамды өрттен құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Оқиға қала кафелерінің бірінде болған. Ол өз өмірін қатерге тігіп, жанып жатқан ғимараттан мекеменің екі қызметкеріне шығуға көмектесті. 

Түнде көрші көшедегі түтінді байқаған ер адам жанып жатқан ғимаратқа жүгіріп барып, құтқарушыларды шақырады. Кафенің барлық есік, терезелерін қағып, сонда қалып қойған қызметкерлердің бірін оятып алады.

Реклама
Реклама

"Есік ашылды. Ол жерден бір жігіт шықты. Әлсіреп кеткен. Мен оны жоғарыдағы кіреберістен төмен түсірдім. Есін жинауына көмектестім. Сосын ілініп тұрған пердені жұлып алып, сулап, бетіме орадым, үстіме су құйдым да ішке кірдім", - деді Дәурен Жанбаев.

Ал екінші адамды терезеден шығуға көмектескен. Дәурен Жанбаевтың қырағылығы 37 және 27 жастағы тұрғындардың өмірін сақтап қана қоймай, оттың одан әрі таралуына да жол бермеді.

"Өрт сөндіру бөлімшелері келгенде, екі қабатты ғимараттың бірінші қабатында ас үйде тұрмыстық техника, есік, терезе ойықтары, сондай-ақ жалпы алаңы 20 шаршы метр жеке заттар жанып жатты", - деді Семей ТЖБ анықтау бөлімінің аға анықтаушысы Естай Олжабаев.

Дәурен Жанбаев - бес баланың әкесі. Ер адам қала мектептерінің бірінде директордың орынбасары болып жұмыс істейді. 

Мамандар өрттің алдын ала себебі электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау дейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная