Семейде офицер букмекерлерде бәс тігіп, қарызы көбейгенде әскери бөлімнің мүлкін ломбардқа қойған

viewings icon 885
comments icon 0
Midjourney Midjourney

Семей гарнизоны Әскери соты өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ысырып қылды деп айыпталған әскери бөлім офицеріне қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семей гарнизоны Әскери соты өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ысырып қылды деп айыпталған әскери бөлім офицеріне қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот мәліметінше, сотталушы О. штабтың топографиялық қызметінің бастығы бола тұра, өзінің қызметтік бабын пайдаланып, букмекерлік сайтта ставка қойып ұтылып, жеке басындағы қарыздардың көбеюіне байланысты пайдакүнемдік мақсатта әскери бөлімге тиесілі топографиялық құрылғыларды ломбардқа өткізген.

"Нәтижесінде мемлекетке 2 миллион теңгеден астам залал келтірілген. Сот үкімі бойынша, сотталушы О. ҚК-нің 189-бабы 3 бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды", - дпелінген хабарламада.

Реклама
Реклама

ҚК-нің 49-бабы, 1-бөлігіне сәйкес "капитан" әскери атағынан айырылды. Сондай-ақ, сотталғаннан мемлекет пайдасына материалдық шығын мен мемлекеттік баж салығы өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная