Семейде полицейлер өртеніп жатқан пәтерден адамдарды құтқарды: видео

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Семейде көпқабатты үйдің үшінші қабатындағы балконнан өрт шықты. Оқиға орнына бірінші болып патрульдік полиция қызметкерлері барған. Видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Семейде көпқабатты үйдің үшінші қабатындағы балконнан өрт шықты. Оқиға орнына бірінші болып патрульдік полиция қызметкерлері барған. Видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өрт 10 қарашада шыққан. Сол маңнан өтіп бара жатқан патрульдік көлік балкондағы жалынды байқап қалған. Полиция қызметкерлері мәліметінше, от әйнекті ерітіп, пәтердің ішіне өте бастаған.
Полицейлер жоғары қабатқа көтеріліп, тұрғындарды эвакуациялап, қолда бар құралдармен отты ауыздықтауға тырысқан.

Өртсөндірушілер оқиға орнына жеткенше, полицейлер аулада тұрған көліктерді жылжытып, арнайы техниканың үйге жақындауына жағдай жасағаны айтылды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама