Семейде полицияның екі көлігіне өрт қойған зейнеткер неге “өкпелегені“ белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Семейде полицияның екі көлігіне өрт қойған зейнеткер неге “өкпелегені“ белгілі болды видео кадры

Семейде зейнеткер полицияға тиесілі екі көлікті өртеп жіберген. Оқиға әлеуметтік желілер мен БАҚ-та қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Семейде зейнеткер полицияға тиесілі екі көлікті өртеп жіберген. Оқиға әлеуметтік желілер мен БАҚ-та қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болған?

Бұған дейін әлеуметтік желілерде жанып жатқан көліктердің видеосы тараған еді. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Семейдегі "Юность" шағынауданында, колледж маңында болған. Олардың сөзінше, өрт қасақана қойылған болуы мүмкін.

Реклама
Реклама

Полиция пікірі

Абай облысы Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын хабарлады. 25 қаңтарда "Юность" шағынауданындағы әкімшілік аумақты аралау барысында учаскелік полиция инспекторлары бұрын сотталған 66 жастағы жергілікті тұрғынды анықтаған.

Полиция мәліметінше, ер адам мас болған, қоғамдық тәртіпті бұзып, агрессивті мінез-құлық танытқан.

"Ол учаскелік полиция пунктіне жеткізіліп, қоғамдық орында алкогольдік мас күйде болғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Құжаттар рәсімделгеннен кейін туыстарына тапсырылып, босатылған. Бұған келіспеген ер адам қасақана заңсыз әрекет жасап, учаскелік полиция пунктінің маңында тұрған, учаскелік инспекторларға тиесілі екі автокөлікті бензин құйып өртеп жіберген", – деп хабарлады полиция.

Өрт салдарынан ірі көлемде материалдық шығын келтірілген.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған, жасаған ісін толық мойындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама