11 наурыз 2024 09:26

Семейдегі су тасқыны: ТЖМ қаладағы жағдай туралы айтты

видео кадры

Төтенше жағдайлар министрлігі Семейде еріген суды сору жұмыстарын аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төтенше жағдайлар министрлігі Семейде еріген суды сору жұмыстарын аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

"ЖАО күшімен Щорс, Кирпичный, 3-ші Лодочная, Восточный және Подгорная кенттері, сондай-ақ қаланың басқа бөліктерінде су айдау жұмыстары жүргізілді, "Теплокомэнерго" МКҚК-мен бірлесіп инертті материал таратылды.

Департамент қызметкерлері Красин, Садовая және Менжинский көшелеріндегі аула аумақтарынан су айдау жұмыстарын жүргізді", - делінген хабарламада.

Арық жүйесін тазарту үшін ТЖМ 68303 Ә/Б күштері мен құралдары тартылды. Қазіргі уақытта қала көшелерінен 1500 текше метрден аса су айдалғаны айтылды.

Реклама
Реклама

"Жұмыстарға ЖАО, ТЖД және 68303 ӘБ-нің жеке құрамның 60-тан аса адамы және 20-дан астам техника жұмылдырылды. Еріген суды сору жұмыстары аяқталды", - делінген хабарламада.

ЖАО және ТЖД күштерімен қала көшелеріндегі ахуалға мониторинг жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram